» » ЖОЛ КАРТАНЫҢ ЖОСПАРЛЫ ТАРМАҚТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

ЖОЛ КАРТАНЫҢ ЖОСПАРЛЫ ТАРМАҚТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін Жалағаш аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысына қатыстым. Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қаншагүл Мұстафаева төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде 4 мәселе тыңдалды.

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасыны тармақтарының орындалуы туралы тиісті сала мамандары мен басшылары есеп берді.
Жалағаш ауданы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің атқарылған жұмыстары туралы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Мейірбек Құрақбаев хабарлама жасап, баяндап өтті.
Қоғамдық кеңесте аудан дамуының өзекті мәселелерін қарау және аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аудару мәселесі бойынша бойынша Жалағаш аудандық маслихат аппаратының басшысы Ботагөз Жақанова хабарлама жасап, отырысқа қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға тиісінше жауаптарын берді.
Кәсіпкерлердің бақылау-кассалық аппараттарды онлайн түрде пайдалануы туралы Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының есебінде аталған жұмыстардың барысы баян етілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Анар Жанашова айтып өтті.
Бірлескен отырыстың күн тәртібіндегі «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мәселеcі қаралды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы бойынша Жалағаш аудандық «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінің жетекші маманы Айжамал Ақбергенова хабарлама жасады. Хабарламада бөлімнің алға қойып отырған мақсаты мен міндеттерін атап өтті.
Бірлескен отырыс соңында жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды.

Қайрат ДОСЫМОВ
Жалағаш аудандық маслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы
Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары
24 қыркүйек 2021 ж. 275 0