Фракция отырысы өткізілді
Ағымдағы жылдың 9 шілдесіде аудандық партия филиалының мәжіліс залында Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы болып өтті. Фракция жетекшісі Қаншагүл Шоңмұрынқызы төрағалық еткен отырыстың күн тәртібіне 3 (үш) мәселе ұсынылды.
Атап айтар болсақ: Жалағаш ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсетудің жайы және оны жақсарту шаралары, Ақсу ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы және аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылдың І жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланды. Аталмыш отырысқа фракция мүшелері және Жалағаш аудандық маслихат хатшысы Гүлзат Ердаулетқызы арнайы қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова, екінші мәселе бойынша Ақсу ауылдық округінің әкімі Қ.Ниетқұлов және фракция жұмысының атқарған жұмыстары туралы Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Мұстафаева баяндама жасады.
Отырысқа қатысушы фракция мүшелері хабарламашыларға сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді
Фракция жетекшісі Қаншагүл Шоңмұрынқызы фракция мүшелеріне "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша жол картасынындағы іс-шаралардың орындалуын қадағалауды, халықпен жиі кездесуді ұйымдастыруды тапсырды.