» » БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шаменов Асылбек Өмірбекұлының төрағалығымен аудандық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы болып өтті.
 
Бюро отырысында үш мәселе қаралды, атап айтқанда бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының кестесін бекіту туралы, «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын және Ережелерін бекіту туралы және «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясын шақыру туралы. «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасының бағыттарының іске асырылуын бақылауға негізделген аудандық 6 қоғамдық кеңес пен 1 комиссия құрылды. «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы әрбір кеңес төрағаларын Бюро мүшелеріне таныстырып, алдағы міндеттері туралы қоса айта өтті. Бюро шешімімен кеңес төрағалары болып келесілер бекітілді.
Партиялық бақылау комиссиясының төрағалығына – партия белсендісі Асқарова Ханбибі Дуланқызы;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына – партия белсендісі Садықов Талғат Құрақбайұлы;
3) Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі және отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі аудандық қоғамдық кеңес төрағалығына – Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі Базарбай Еркін Базарбайұлы;
4) Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі және ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі аудандық қоғамдық кеңес төрағалығына – Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі Тәжібаева Ұлжахан Баймұратқызы;
5) Экология жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына – Қызылорда облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі Уздембаев Жақсылық Нұрбайұлы;
6) Аграрлық секторды дамыту жөніндегі аудандық қоғамдық кеңес төрағалығына – Қызылорда облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы;
7) Жастарды қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық кеңес төрағалығына – Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі Серәлі Нарбота Серәліұлы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
16 сәуір 2021 ж. 341 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031