» » МАҚСАТ-МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

МАҚСАТ-МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Жуырда аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы­ның кезектен тыс XXVIІ конференциясы өтті. Оған «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асылбек Шаменов, «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева және конфе­ренция делегаттары қатысты.

Алдымен өңір басшысы конференция делегаттарын күн тәртібіндегі мәселе­лермен таныстырды. Күн тәртібіндегі қа­ралған мәселелер «Nur Otan» пар­тиясының Жалағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, Қызылорда облыстық мәслихатына дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру, «Nur Otan» партиясынан Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту, «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық Саяси кеңесінің құрамын өзгерту, «Nur Otan» партиясы Қызылорда аймақтық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына делегаттар сайлау туралы.
– Құрметті делегаттар күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Жалағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту ұсынылған болатын. Партия қызметінің алдағы басты бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін және күтілетін нәтижелерін айқындайтын құжат жобасы ресми сайтқа шығарылып, Праймериз кезінде 1 жарым ай көлемінде жария түрде талқыланған. Талқылау барысында 7 бағыттан тұратын бағдарлама жобасы бойынша тұрғындардан 87 ұсыныс түскен. Олардың он бесі бағдарламаға енгізілген. Енгізілген ұсыныстар ескеріле отырып, «Nur Otan» партиясының Жалағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекітуге ұсынылады, – деді аудан басшысы.
Конференцияның күн тәртібіндегі екін­ші мәселе Қызылорда облыстық мәс­лихатына дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру үшін дебат өткізілді. Онда «Өркен Әлем» ЖШС-ның басшысы Ж.Өзденбаев, облыстық ауыл шаруашылығы бас­қар­масы басшысының орынбасары Қ.Сәрсенбаев, “СМ Қайнар” ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы С.Мұстафаев, аудандық ау­ру­хананың бөлім басшысы А.Асыл­хан­­қызы кандитаттығын қорғады. Бұл үміткерлердің барлығы ауданның әлеу­меттік, экономикалық жағдайын көтеруде қолға алынуы, жүзеге асырылуы тиіс басты жұмыстарға тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Дебат аяқталған соң конференция делегаттары арнайы ка­биналарда кандидаттарға дауыс берді.
Мұнан соң «Nur Otan» партиясынан Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша пар­тиялық тізімді бекіту мәселесі қа­ралды. Ал «Nur Otan» партиясы Жа­лағаш аудандық филиалы төра­ға­сының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы партиялық тізіммен таныстырды.
Жиында «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы да бекітілді. Конференция соңында аудан әкімі А.Шаменов алда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында партияның үгіт жұмыстарын ұйым­дас­тыру бойын­ша аудандық сай­лауалды штаб жұмыс жасайтынын жеткізді. Аудандық сай­лауалды штаб 13 мүшеден тұрады және оны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қан­шагүл Мұстафаева басқаратынын айт­ты.
Айта кету керек, делегаттардың келісімімен аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасарлығына ау­дандық жастар ресурстық орта­лы­­ғының директоры, «Жастар» БПҰ төрағасы Ерхан Бақбергенұлы, №201 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айқын Жақсы­лықова сайланды.

«ЖЖ» ақпарат

11 қараша 2020 ж. 297 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031