Жалағаш аудандық партия филиалының штабы ресми ашылды
«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалында аумақтық сайлауалды штабының ресми ашылу салтанаты өтті. Оған аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрайымы Қаншагүл Мұстафаева, өңірлік сайлауалды штабының мүшелері, зиялы қауым өкілдері және партиялық тізімдегі кандидаттар қатысты.
Салтанатты шараны «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып берді.
Ол өз сөзінде 10 желтоқсан күні сағат 18,00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңінің басталғандығын, аудандық филиал бұл шараға толықтай дайын екендігін жеткізді. Оның айтуынша, аудандық сайлау комиссиясында 24 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелген. Оның 21-і – праймериз жеңімпазы, 3-еуі партия филиалының квотасын алғандар.
Сонымен бірге штабтар жанынан үгіт жұмыстарын жүргізу үшін құрылған қоғамдық сайлауалды штабтың және ондағы 13 адамның жұмысына қажетті жағдайлар жасалды.
Штаб төрағасы Қ.Шоңмұрынқызы өз сөзінде праймериз қатысушылары жергілікті мәселелерді ашық талқылап, шешу жолдарын қарастырып, ұсыныстар бергенін, олардың негізгі бөлігі біздің 5 жылға арналған бағдарламаларымызда ескерілгенін, барлық ұсыныстар 7 басымдыққа топтастырылған сайлауалды бағдарламасының әзірленгенін және үміткерлер мен ұйымдастырушылардың барлық санитарлық нормалар сақтала отырып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.
Мұнан соң салтанатты шарада сөз алған партия белсенділері Қуат Әдис, Ақерке Ералиева, “Жас Отан” жастар қанатының аудандық бөлімшесінің басшысы Нарбота Серәлі өздерінің жалынды лебіздерін жеткізді.
Айта кетейік, ауданда жас буын арасында белсенді үгіт-насихат жұмысын ұйымдастыруға ынталы жастар бары қуантты. Олар – «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері мен сенімге ие болған партияның жас өкілдері.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді