» » «Ақтерек» сауықтыру лагері партия бақылауында

«Ақтерек» сауықтыру лагері партия бақылауында

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» сауықтыру лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 маусым күні өз жұмысын бастады. Аталмыш лагерьге Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Қаншагүл Шоңмұрынқызы, Жалағаш аудандық маслихат хатшысы Гүлзат Ердаулетқызы, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бақытбек Сарбалаұлылар мониторинг жұмыстарын жүргізді. Оқушылар міндетті оқу қоры есебінен демалуда. Жалпы 7 ауысым бойынша 402 бала қамтылады. Қазіргі таңда 2-ші ауысым оқушылары демалу үстінде. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшілері балалармен түрлі бағытта шығармашылық жұмыстар жүргізуде. Жалпы саны 6 тәрбиеші 3 ұлағаттықтар жұмыс жасауда.

Сонымен қатар балалардың денсаулығын сақтау мақсатында аудандық ауруханадан 2 дәріер маман бөлінген.Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Қаншагүл Шоңмұрынқызы лаерьдегі ұйымдастырушылық іс-шараларға байланысты және тазалық жұмыстары бойынша ұсыныстар айтты. Лагерь жұмыстарының ұйымдастырылуы алдағы уақытта партия бақылауында болатын болады.
23 маусым 2021 ж. 208 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031