КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК – ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы - Құттымбетова Эльмира Мергенбайқызы және Жалағаш аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары - Каюпова Гүлсім Телеубайқызы қатысқан қабылдау 6 тұрғын келді.
Тұрғындар мемлекет тарапынан берілетін дәрі-дәрмекті алу жолдары, мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын тиімді өткізу бойынша шаралар, үйден емдеуді ұйымдастыру, аудандағы қажетті мамандар тапшылығын төмендету мақсатында еліміздің жоғары оқу орындарында облыс әкімінің гранты туралы заңды кеңестер бойынша түсіндірме жұмыстарын сұрады. Сала мамандары тарапынан әрбір өтініш иесіне жеке-жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Қабылдауға келген азаматтардың барлығына жауап беріліп, мәселесі шешілгенше партияның бақылауында болатындығы айтылды.