» » АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында ерекше жағдайдағы балаларды тәрбиелеп отырған аналарға мерекелік құрмет көрсетілді.
Онда партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, амбулаториялық-емханалық қыз­меті бар аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Әсия Бекбергенова,­ жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетовалар аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жасалып жатқан жұмыстар, ерекше қажеттілігі бар жасөспірімдерді тәрбиелеп отырған отбасыларына көрсетіліп жатқан қолдау мен көмек туралы айтылды. Ең бас­тысы, жиынға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге деген құштарлығын арттырып, ертеңгі күніне деген сенімі мен мақсатын айқындауға бірден-бір себепкер аяулы аналар қауымының төзімділігі мен шүкіршілігін тілге тиек етті.
Мерекелік шарада аналар қауымына партия атынан «Алғыс хаттар», гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табысталды.
Мұнан бөлек, партия қатарына қабылданған жаңа мүшелеріне партиялық билет тапсырылды.
Айта кетейік, партия қатарына қабылдап, билет табыстау рәсімі наурыздың алғашқы күнінде де өткен болатын.

Н.АЛМАС,
М.АХМЕТОВ (сурет).
07 наурыз 2019 ж. 719 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30