ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

Бағдарламаның жол картасында аудан жастарының азаматтық белсенділігін көтеру, сапалық білімді жетілдіру, жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, тұлғалық даму және жастардың бос уақытын тиімді өткізу бойынша атқарылатын жұмыстары қамтылған.
Жол картасы бағдарламасындағы бес бағыт бойынша жоспарланған шаралардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызына тапсырылды.