» » Фракция отырысы өткізілді

Фракция отырысы өткізілді

«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы болып өтті.

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы төрағалық еткен отырыста күн тәртібіне 2 (екі) мәселе қойылды. Атап айтар болсақ, Жалағаш ауданы бойынша жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі заңнамалардың орындалу барысы туралы Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің есебі және Жалағаш кенті әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы Жалағаш кенті әкімінің есебі болды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша Жалағаш кентінің Ғ.Телібаев және Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Байболов баяндама жасады. Баяндамашыларға фракция мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, қаулылар қабылданды.
01 сәуір 2021 ж. 448 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 444

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930