» » САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛАПҚА САЙ

САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛАПҚА САЙ

Аудандық «Ақтерек» тынығу лаге­рін­де балалардың демалып, сауығып шы­­­­­ғуларына барлық жағдай жасалған. Әсіресе, лагердің материалдық-тех­ни­ка­­­лық жағдайы жақсарып, сани­тарлық қа­ғида талаптары сақталған.
Азық-түлік өнімдеріне арналған қой­­­­ма және ас пісіру бөлмелері бар. Сон­дай-ақ, асхана арнайы құрал-жаб­дық­­­­тармен жабдықталған. Сонымен қа­­тар, жазғы мезгілде сауықтыру ла­ге­рі­не уақытылы дайындық жұмыстары жүр­­гізіліп, халықтың санитариялық-эпи­де­­миологиялық саламаттылығы сала­сын­­дағы уәкілетті органның рұқсатымен ашы­­луға қол жеткізді.
Биыл «Ақтерек» сауықтыру лагері 5 ауысымда қызмет көрсетуде. Мұнда жалпы жазғы мезгілде 402 бала демалдырылу жоспарланса, қазіргі таңда 322 бала тынығуда.
Жазғы мезгілде балалар арасында тағамнан уланудың алдын алу мақ­са­тын­да аудандық қоғамдық ден­сау­лық сақтау басқармасынан жауапты мамандар бекітіліп, жұмыстар жүр­гізі­луде.
Сонымен қатар, сауықтыру ұйымында аудандық емхана қызметкерлерімен бір­лескен «Жедел ішек аурулары мен та­ғам­нан уланудың алдын-алу шараларын ұймдастыру» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.

О.АХАНОВ,
Жалағаш аудандық ҚДСБ
басшысы.
07 тамыз 2018 ж. 1 182 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930