СӘБИГЕ ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ
1 шілде «Ұлттық домбыра» күні «Ақтерек» жазғы тынығу лагерінде «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Домбыра – тарих куәсі» атты акция өтті.
Акция барысында ұлттық домбыраның шығу тарихы мен көмейінен күмбірлеп күй төгілген ұлттық аспап жайында сыр шертілді. Сонымен қатар, лагер тынығушылары киелі аспаппен күй ойнап, ән шырқады. Атаулы күні жастар орталық саябақта «Домбыра party» сайысын өткізіп, өзара ұлттық аспап ойнаудан жарысты.
***
«Ұлттық домбыра» күні дүние есігін ашқан нәрестеге сый-құрмет көрсетілді.
Кеше «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Мәдиева, ҚХА жанындағы аудандық аналар кеңесінің төрайымы Р.Ералы, амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары А.Маханбетова және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Мәлік аудандық перзентханада болып, атаулы күні өмірге келген сәбиге қазақтың ұлттық аспабы – киелі домбыраны сыйға тартты.
Сонымен бірге, құрмет төрінен көрінген Еңбек ауылының тұрғыны, 3 баланың анасы Эльмира Өткелбаеваға аналар кеңесінің «Айналайын» құрмет естелік сыйлығы табысталды.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
М.ТАБЫСБЕКҰЛЫ (сурет).