» » СЕНДЕ ТУДЫМ, СЕНДЕ ӨСТІМ

СЕНДЕ ТУДЫМ, СЕНДЕ ӨСТІМ


Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Сенде тудым, сенде өстім» атты түрлі этнос өкілдерімен кездесу өтті.
Басқосуды «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандағы сарапшысы Гүләйім Мәлік жүргізіп отырды. Сондай-ақ, кездесуде «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Мирман бірлігі мызғымаған, берекелі, ырысты, күрішті ауданымызда түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандарына тоқталып, бірлестік атынан түрлі этнос өкілдеріне арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Сонымен қатар, шарада Аналар кеңесінің төрайымы Роза Ералы, түрлі этнос өкілдері сөз алып, келелі кездесуге ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді.
Шара соңы мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.

Гүләйім Мәлік,
«Қоғамдық келісім» КММ-нің
аудандық сарапшысы.
29 сәуір 2018 ж. 1 338 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 444

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930