» » СЕНДЕ ТУДЫМ, СЕНДЕ ӨСТІМ

СЕНДЕ ТУДЫМ, СЕНДЕ ӨСТІМ

СЕНДЕ ТУДЫМ, СЕНДЕ ӨСТІМ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай бүгін Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Сенде тудым, сенде өстім» атты түрлі этнос өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық сарапшысы Г.Мәлік жүргізіп отырды. Сондай-ақ, кездесуде «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Мирман бірлігі мызғымаған, берекелі, ырысты, күрішті ауданымызда түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандарына тоқталып, бірлестік атынан түрлі этнос өкілдеріне арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар, шарада Аналар кеңесінің төрайымы Р.Ералы, түрлі этнос өкілдері сөз алып, келелі кездесуге ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді.
Шара мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.
21 сәуір 2018 ж. 1 321 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 062

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031