МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ
Алғыс айту күні – ең алдымен ел ішінде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған күні.
Айтулы мереке рухани байлығымыздың, қазақстандық патриотизмнің – жарқын көрінісі. Қазақстан шын мәнінде зобалаңнан бастап Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен көптеген ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Олар осы жерде өздеріне жайлы орта тапты, жанұялы болды, өсіп-өнді. Жатсынбаған ел, қонақжай халық оларға өз Отанындай ыстық бауырласқа айналды. Мереке аясында аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Алғыс айту – парыз!» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, ауылдық округ әкімдері, түрлі ұлт өкілдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлы ауданның қоғамдық тұрақтылығын қалыптастыруда үлесін қосып, ел ішінде берекелі тұрмыс кешіп отырған бауырлас ұлттарды мерекемен құттықтады.
– 2016 жылдан бері Елбасының Жарлығымен 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – Алғыс айту күні болып мерекеленіп келеді. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған қаншама өзге ұлт өкілдеріне құтты қоныс бола білген қасиетті жерге, қонақжайлылық танытқан текті халыққа тағзым ететін күн. Қиын заманда бірлесе иық тіресіп, тәуелсіз мемлекет болу жолында тер төккен барлық адамның бір-біріне алғыс білдіретін мерекесі. Қазіргі таңда бұл күннің ауқымы кеңейді. Өзге ұлт өкілдері ғана емес, шәкіртінің ұстазына, баланың ата-анаға, бауырластардың, жақындардың бір-біріне алғыс айтатын күні болып қалыптасты. Осы ретте, баршаңызды алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймын, – деді аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов.
Сонымен бірге, аудандағы түрлі салада қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтарға Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның «Алғыс хатын» табыс етті. Мұдан бөлек, ауданда ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жұмыс жасап отырған «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Мирман қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
– Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын жақсылық жасағысы келіп тұрады. Алғыс айту, алғыс алу адам жүрегіне жылылық, ерекше жайлылық пен адамдық қасиеттерді нығайтады. Біз бәріміз бауырлас халықпыз, қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бірге еңсердік. Осындай тату-тәтті, берекелі күн кешіп отырғанымыз алдымен Елбасының сарабдал саясатының арқасында, одан соң қазақстандық азаматтардың бірлігінің нәтижесі. Бүгінгі шараның мәні мен маңызы зор. Барлықтарыңызды айтулы мерекемен құттықтаймын, – деді Дина Нұржанқызы.
Бірлестік төрайымы өзге ұлт өкілдеріне «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің бағалы сыйлықтарын табыстады. Шара барысында өзге этнос өкілдері бұл мерекенің астарында саяси салмақтың жатқанын айтып, қазақ халқына өз ықыластарын білдірді. Ал, өз кезегінде аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының өнерпаздары әннен шашу шашып, домбырамен төгілте күй орындады.
Өмірдің әрбір сәтін бағалай біліңіздер және табиғат анаға мейірімді күні үшін, жақсы адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды сіз де ұмытпағайсыз! Алғыс алайық, алғыс білдіруді ұмытпайық!