НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Домбыра аспабынан төгілген сиқырлы әуен адам жанын тебірентіп, керемет сезімге бөлейді. Оның қасиетті үні тылсым әлемге жетелейді. Қазақ халқын басқа халықтардан ерекшелеп, рухын асқақтатып тұратын да осы – қасиетті қара домбыра. Бүгінде ол атадан балаға жетіп, көздің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға, рухани мұраға айналды. Оны ұлы даланың киесіндей қастер тұту адамзат қанша дәуір жасаса да сонша кезеңге жалғасып отырды. Ұлттық аспаптың өз тыңдаушысы, оны жанымен ұғатын, бағалайтын қазақ халқы барда қара домбыраның күмбірі жоғалмақ емес. Мұның өзі біз үшін үлкен мақтаныш, халықтың мәдени дамуына қосылған қомақты үлес болмақ.
Төл өнердің кенжелеп қалмауы үшін, ұлттық рухты оятатын тарихи құндылықтар ізін жоғалтпас үшін, халық санасы қайта жаңғырып ұлттық ерекшелігін сақтап қалуы үшін күнтізбеге енгізілген бұл атаулы күннің маңызы зор.
Жуырда ғана белгіленген жаңа мереке – Ұлттық домбыра күні бұдан былай республикада кең көлемде тойланатын болады. Мәселен, осы мереке аясында Елордадағы «Қазақ елі» монументінің алдында халықтық серуен өтеді. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен Елорда қонақтары «Домбыра – асыл мұра» тақырыбындағы концерттік бағдарламаны тамашалайтын болады.
Н.АЛМАСҚЫЗЫ.