» » Балалардың жазғы демалысы көңілді өтпек

Балалардың жазғы демалысы көңілді өтпек


Қызылорда қаласы білім бөлімі балалардың тынығуына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шаралар жоспарын әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізуде.
Атап айтқанда, 2017 - 2018 оқу жылында 1-10 сынып аралығындағы  52835 оқушының 48777-і жазғы кезеңде демалыспен қамтылса, барлық 54 мектепте күндізгі тынығу лагерьлері жұмыс жасайды.Оның ішінде 11 мектеп жанында толық күндізгі жатын орындары бар лагерьлер ұйымдастырылады.
Жазғы сауықтыру лагерьлеріне бірінші кезекте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары мен құқық бұзушылықпен есепке алынған оқушылар қамтылатын болады.
Сондай-ақ,облыс көлеміндегі тынығу лагерьлеріне 1561 оқушы,Оңтүстік Қазақстан облысындағы лагерлер  «Таң Нұры»-273, «Лесная сказка»-179, Алматы қаласындағы  «Бөбек» және «Балдәурен» Республикалық сауықтыру орталықтарында 233 бала, Республика көлеміндегі басқа да лагерьлерге -1412 бала, Шетелдерде ата-аналарымен және түрлі демалыс орындарына (курорт, санатория) 1534 бала демалатын болса, қосымша оқу орталықтарына- 5045 оқушы,қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Қайнар» спорт клубының 49 нұсқаушысы жұмыс жасап, жазғы мезгілде 4845-ке жуық мектеп оқушылары спорт секцияларына тартылады.
Музейлер мен ескерткіштерге және қаланың көрікті жерлеріне экскурсияларға, мәдени-құндылықтар мен  ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатындағы шығармашылық үйірмелерге14606 ға жуық оқушы қатысады.
Мектептер жанындағы алаңдарда қызығушылығы бойынша үйірмелерге - 3959 оқушы, қала аймағында орналасқан мәдени-сауықтыру орындарына– 6780 бала қамтылады.
Сонымен қатар, «Казгермұнай» біріккен кәсіпорны демеушілігімен –            180 бала, «Қазақстан темір жолы» мекемесі демеушілігімен – 125 бала, қалалық мәслихат депутаттарының демеушілігімен – 34 бала, қала көлеміндегі жеке мекемелер және кәсіпкерлер демеушілігімен – 58 бала, салалық кәсіподақтар тарапынан – 409 бала (білім-186 бала, денсаулық-203, ТОО Строитель-20) республика көлеміндегі лагерьлерде демалса, республикалық бюджет есебінен «Бөбек» және «Балдәурен» Республикалық орталықтарында 30 бала  жазғы демалысын көңілді өткізеді.
  Биылғы жылдың ерекшелігі:
 Қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында  (Оқушылар сарайы) балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2018 жылдың  1 маусым-14 шілде  аралығында үш аусымы бойынша  «Zhazgy Time» танымдық-шығармашылық мектебі жұмыс жасайтын болады. Бағдарламада: Танграм, Робот техникасы, Спорттық туризм, Хореография, Палитра, Планетарий, Шығармашылық зертхана,Тілдік мектеп (қазақ, орыс, ағылшын),Концерттер, конкурстар, интеллектуалды ойындар, тренингтер, кинозал. Оған 300 бала қамтылады деп жоспарлануда.
  2018 жылдың жазғы айларында «Сырдария» тынығу лагерінде балаларды тынықтыруға әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан 499 бала демалады.Лагерьде барлық ауысымда түрлі үйірмелер жұмыс жасай отырып, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес жүйелі түрде жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, қазақтың ұлттық ойындарын, салт-дәстүрін насихаттау барысында түрлі ойындар үйретіліп, этноауыл балалар үшін жұмыс жасайтын болады.
29 мамыр 2018 ж. 1 450 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930