ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗДЫҢ ҚЫЗЫҒЫ
Сыңғырлаған күміс қоңырау үнімен үш айға қоштасқан балалар жазғы демалысты тиімді өткізуге кірісіп, кент іргесіндегі «Ақтерек» демалыс лагеріне жол тартты.
Бейсенбіде аудандық «Ақтерек» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Жиынға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев қатысып, балаларды жазғы демалыс маусымының салтанатты ашылу рәсімімен құттықтады.
– Бүгінгі күні оқушылардың асыға күтетін «Ақтерек» тынығу лагерінің кезекті жазғы демалыс маусымы өз жұмысын бастағалы тұр. Соңғы жылдары «Ақтерек» лагерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында біршама жұмыс атқарылды. Үстіміздегі жылы жай жөндеу жұмыстарына 1 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Былтырғы жазғы маусымда «Ақтерек» лагерінде 5 ауысымда 402 оқушы қамтылса, биыл 6 ауысымда 482 баланы қамтымақпыз. Ауданда оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында биыл 1-10 сынып аралығындағы 6349 баланың жазғы демалыспен, саяхатпен 5392 бала яғни 84,9% қамтылады деп жоспарлануда. Үстіміздегі жылы, мәслихат депутаттары есебінен, мекемелер демеушілігімен 95 бала, салалық кәсіподақтар тарапынан 91 бала, мектеп жанындағы лагерлерде 2021 бала, міндетті оқу қоры есебінен 725 бала демалатын болса, 60 бала Нұр-Сұлтан қаласына саяхатқа баратын болады. Жазғы демалыста өздеріңе жаңа достар тауып, денсаулықтарыңызды нығайтып, демалысты көңілді өткізулеріңізге тілектеспін, – деді аудан басшысы.
Мерекелік жиынның басты кейіпкерлері қонақтарға әннен шашу шашып, би билеп, қойылым қойды. Сонымен қатар, мерекелік кеш көркін аудандық әуез мектебінің балалар халық аспаптар ансамблі қыздыра түсті. Қызыққа толы бақыт мекеніне жеткен әрбір баланың жүзі жайнап, жүректері алып-ұшып қуаныштарын жасыра алмады. Біз жазғы демалысқа шыққан жасөспірімдерге уақытын тиімді, әр күнін қызықты өткізулеріне тілектеспіз. Асыға күткен демалыс әлемі қызықты сәттерге, естен кетпес оқиғаларға толы болсын. Керемет мезгілде туған жердің төсінде тынығуды жөн көрген елдің келешек ұландарын мерекелерімен тағы да құттықтаймыз.
Айта кетейік, биыл оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке және тарихи мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында Түркістан, Арыстанбаб, Сауран т.б. тарихи жерлерге саяхаттар ұйымдастырылып, оған 2100 оқушы қамтылмақ.

Н.ҚАЗБЕКОВ.