» » ЖОЛ КАРТАНЫҢ МЕЖЕЛЕНГЕН ЖОСПАРЛАРЫ ОРЫНДАЛУДА

ЖОЛ КАРТАНЫҢ МЕЖЕЛЕНГЕН ЖОСПАРЛАРЫ ОРЫНДАЛУДА


Бүгін Жалағаш аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы болып өтті. Аталмыш отырысты Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы ашып, жүргізіп отырды. Жиынның күн тәртібіне 4 мәселе қойылып, тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Отырыстың негізі мақсаты - «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасыны тармақтарының орындалуы.

Жалағаш ауданы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің атқарылған жұмыстары туралы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Мейірбек Құрақбаев хабарлама жасады. Жалағаш ауданы бойынша ағымдағы 6319 қызмет көрсетілген. Ұсынылған электронды қызметтің үлесі – 68,1% құрауда. Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылға 60 %-ға жеткізу жоспары қойылған. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша жол картасында межелеген жоспар орындалды.
Қоғамдық кеңесте аудан дамуының өзекті мәселелерін қарау және аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аудару мәселе тыңдалды. Аталған мәселелер бойынша Жалағаш аудандық маслихат аппаратының басшысы Жақанова Ботагөз Қартбайқызы баяндады.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша Ботагөз Қартбайқызы аудандағы қоғамдық кеңес пен қоғамдастықдың атқарған жұмыстары туралы айтып өтті. Жыл басынан бері Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес он бір отырысы өткізіліп, барлығы отыз мәселе қаралды. Биылғы жылы 32 рет қоғамдастық жиналыстарында ауыл бюджеттері талқыланды. Бюджеттің өз дәрежесінде заңға сәйкес атқарылуы жөнінде кент, ауылдық округ әкімдерінің есебі аудандық мәслихаттың кезектен тыс 6-сессиясында тыңдалып, қаралды.
Сондай-ақ, ауданның Қоғамдық кеңес мүшелері облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен «Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдағы рөлі мен қызметінің тиімділігін арттыру» бойынша семинар, «Қоғамдық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы» тақырыптарында үш мәрте бірлескен дөңгелек үстелдер өткізді. Аталған шараларға үнемі аудан әкімінің орынбасарлары қатысып отырады.
«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша жол картасындағы №82, №83 тармақтарының орындалуы үнемі назарда болады.
Кәсіпкерлердің бақылау-кассалық аппараттарды онлайн түрде пайдалануы туралы Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының есебі тыңдалды. Бүгінгі күні ақпараттық және инновациялық технологиялар жаңарған сайын, салық жүйесіндегі бақылау мен әкімшілендіруді жетілдіруге байланысты өзгерістер де күн санап дамып келеді.
Қазіргі кезде аудан бойынша Онлайн БКМ тіркеу жұмысы бойынша, жалпы саны 2612 салық төлеушінің 1669 салық төлеушісі Онлайн БКМ алып тіркету жұмыстары жүргізіліп, 63,8 пайызды құрап отыр. Бұл туралы өз хабарламасында Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жанашова Анар Бекболатқызы айтып өтті. Жалпы аудан бойынша Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көрсетілген «Кәсіпкерлердің бақылау-кассалық аппараттарды онлайн түрде пайдалану» тармағы орындалды. Биылғы жылға көзделген меже 60 пайыз. Алдағы жоспар аталған мәселе бойынша 100 пайызға жеткізу болып табылады.

Бірлескен отырыстың күн тәртібіндегі «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мәселе қаралды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы бойынша Жалағаш аудандық «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінің жетекші маманы Ақбергенова Айжамал Дауылбайқызы хабарлама жасады. Хабарламада бөлімнің алға қойып отырған бір ғана мақсаты – халықты электронды түрде қызмет алуға шақыру және де өзіне – өзі қызмет көрсету секторы арқылы халыққа үйрету электронды үкімет арқылы қызмет алу тиімділігі уақыт жағынан ұтымдылығын түсіндіру және де кез келген интернет ресурс орнатылған жерде электронды үкімет арқылы қызмет ала алатындығын насихаттау ол қарапайым азаматтардың шаруасын бір жерден бітіре алатынына іс-жүзінде көзін жеткізіп, талап-тілегінен шығу. Құжаттарын кідіртпей қабылдап, дер кезінде сапалы қызмет көрсету. Жалпы мемлекеттік қызметтер тізілімнің саны-690,оның ішінде 662 мемлекеттік корпарация арқылы,645-электронды үкімет порталы, 26-қызмет беруші арқылы көрсетіледі. TeIeqranBot, EqovKzbot2 қосымшасы арқылы-24 мемлекеттік қызмет, eGov mobile қосымшасы арқылы-96 мемлекеттік қызмет, бір реттік смс-пороль арқылы-120 астам мемлекеттік қызмет,үшінші тұлғамен алынатын -21 қызмет түрі бар. Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша облыс әкімінің бекітумен жасалған үш жақты желілік кесте бойынша мекемеге, елді мекендерге жұмыскерлер барып,электрондық қызметтерді алу бойынша халыққа оқыту жұмыстарын жүргізуде яғни осы уақытқа дейін 42 мекемеге сонымен қатар әрбір бөлімге қызмет алуға келген тұтынушыға электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алуды үйрету жұмыстары жүргізіліп отыр. Ол үшін бөлім өз жұмысын жүйелендіріп, жетілдіре түсуде, жоғары сапалы деңгейге көтеру үшін қажетті шаралардың бәрін жасау.
Бірлескен отырыс соңында жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды.
24 қыркүйек 2021 ж. 264 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930