» » ҚОС ӨЗЕННІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ АЙТЫЛДЫ

ҚОС ӨЗЕННІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ АЙТЫЛДЫ

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Сенат отырысында қос өзеннің, яғни Жайық және Сырдарияның экологиялық жағдайы туралы айтты. Оның сөзінше, Жайықтың жағдайы өте күрделі.

– Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз, бірақ оңай болмайды. Біріншіден, су аздығы. Жыл бойы су аз. Бұған көптеген факторлар әсер етуде. Қазір біздің мамандар ресейлік мамандармен бірге жұмыс жүргізуде. Таяу уақытта біз Жайық өзенінің су тапшылығы проблемалары бойынша бір шешім табамыз, – деді Экология министрлігінің басшысы.

Серікқали Брекешевтің айтуынша, зерт­теу жұмыстарына қажетті қаражат Білім министрлігімен бірлесіп, мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында бөлінеді. Ол бүгінде Сырдария және басқа да шекаралас өзендер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Шешім тек қазақстандық тарапқа ғана байланысты емес. Егер Сырдария туралы айтатын болсақ, онда бұл Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен де бай­ланысты. Мен жуырда ғана Тәжікстанда болдым, онда Тәжікстанның су ресурстары министрімен, Өзбекстанның су ресурстары министрімен кездестім, жақын арада, қарашадан кешіктірмей осы жағдай бойын­ша тағы да келіссөздер жүргіземіз деп келістік, – дейді С.Брекешев.

Айта кетейік, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар минис­трлігіне қарасты Трансшекаралық өзендер департаментінде Оралдың экологиялық жағдайы туралы айтылған болатын. Бұл мәселе бойынша экологтар да сөз сөйледі. Олар өзеннің таяз болуы экологиялық апат қаупін төндіреді деп санайды.

“ЖЖ” ақпарат


25 қазан 2021 ж. 236 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930