КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы ЕРБОЛ ҒАБИТ ЕРБОЛҰЛЫ аудан тұрғындарына арнап жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген аудан тұрғыны «Жас кәсіпкер» жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту бағдарламаларын іске асыруға және жастардың өз бизнестерін ашуына берілетін гранттар жөнінде кеңес сұрайды. Аталған өтініш иесінің сауалына Ғабит Ерболұлы заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алдын-ала қабылдаудың болатынын әлеуметтік желі арқылы танысқан ауыл тұрғындары онлайн форматта қосылып, өз сауалдарын жолдады. Атап айтар болсақ, қайтарымсыз несие яғни гранттар, бизнесті тіркеуден бастап, оған тиісті рұқсаттама-құжаттарды алу мәселесі бойынша сұрақтар қойылды.
Кәсіппен айналысамын деген азаматтарға сала басшысы Ербол Ғабитұлы үкімет тарапынан қолдау ретінде берілетін мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер туралы айтып, әрбір тұрғынға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.