» » Тұрғындардың өтініші тыңдалды

Тұрғындардың өтініші тыңдалды

Ағымдағы жылдың 16 тамыз күні Жалағаш аудандық маслихат депутаты Базарбай Еркін Базарбайұлы Аққыр ауылдық округінде көпшелі қоғамдық қабылдау өткізді. "Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындармен кездесуде әлеуметтік қамту, «Мектепке жол» акциясы және жұмыссыздық мәселелері көтерілді.

Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Қ.А. мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба алу жөнінде көмек сұрайды. Өтініш иесіне Еркін Базарбайұлы тиісті құқықтық кеңестер беріп, ауыл әкіміне тиісті құжаттарды дайындауға көмек беруге ұсыныс берді. Алдағы уақытта өтініш иесін арнайы ауыл әкімі аппаратының әлеуметтік хатшы қызметкерімен бірге аудан орталығынан тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары алға қойылды.

Жұмысқа жарамсыз анықтамасын алу жөніндегі өтініш иесіне аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Мергенбайқызымен байланысу арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өтініш иесі оқу жылы қарсаңында ауылдағы мектеп оқушыларына «Мектепке жол» акциясына қолдау білдіруді өтінді. Еркін Базарбайұлы «Мектепке жол» акциясы аясында тиісті көмектер жасауға ықпал жасайтындығын жеткізді.
17 тамыз 2021 ж. 158 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930