КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
Аудандық партия филиалы арыз-шағымдарды қарауда құқықтық теңсіздік пен ел ынтымағына, халық бірлігіне селкеу түсіретін жайттардан аулақ болып, әділдікті ту етіп, тағдыр тауқыметін тартқан азаматтардың өміріне араласып, заң аясында кеңестер беріп, партия беделін асқақтата түсуде.
Партияның маңызды жұмысының бірі қоғамдық қабылдау. «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесі - жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады.
Осы ретте, “Nur Otan” партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекітілген кестесіне сәйкес кезекті жеке қабылдауды «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы өткізді.
Бастауыш сынып мамандығын бітірген, қазіргі таңда уақытша жұмыс жасап жатқан өтініш иесі жұмысқа орналасу үшін көмек сұрайды. Өтініш иесіне алдымен «UStudy» тест орталығы арқылы шекті балды алып, тест тапсыруды айтты. Яғни, аталмыш орталықтан шекті балды алған жағдайда резервке алынатындығын жеткізді. Бұнымен қоса өтініш иесіне құқықтық кеңестер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қабылдауға келген жалғыз басты әке оқу жылы жақындап қалғанын айтып, балаларына қажетті құрал-жабдықтармен көмек беруді өтінді. Қаншагүл Шоңмұрынқызы мәселенің мән-жайымен мұқият танысып, мәселенің оң шешімін табуға ықпал етті. Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Құрақбайұлымен бірге өтініш иесінің балаларына «Мектепке жол» акциясы арқылы көмек берілетіндігі жеткізілді. Талғат Құрақбайұлы балабақшаға баратын баласының 3 айлық жарнапұл мәселесін демеуші азаматтар арқылы шешіп беруге ықпал жасайтындығын айтты. Қаншагүл Шоңмұрынқызы ауыл әкімдігімен байланысу арқылы әлеуметтік көмек беру жолдарын қарастыру ұсынысын айтты. Өтініш иесінің мәселесі толыққанды қанағаттандырылды.