Тұрғындардың өтініші тыңдалды
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жетекшілік ететін «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасындағы көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейдегі бағдары айқын және даму барысы дараланған шынайы демократиялық үдерістерге сай партия.
«Nur Otan» партиясының жұмысы жылдан жылға дамып, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелерге партияның араласуы арқасында көптеген мәселелер оң шешімін табуда.
Партияның маңызды жұмысының бірі қоғамдық қабылдау.
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады.
«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес қабылдаулар өтіп тұрады.
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Шаменов Асылбек Өмірбекұлы қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік қамту, кәсіпкерлік, электр жарығы сынды өтініштерін білдірсе. Кей өтініш иелері ауданымыздың жаңа қырынан дамуы үшін өз ұсыныстарын жеткізіп жатты.
Асылбек Өмірбекұлы тұрғындардың өтінішін шешу мақсатында тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, мәселе өз бақылауында болатынын жеткізді.
Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстар назарға алынып, алдағы жұмыс барысында қолданылатындығы жеткізілді.
Ауданымыздың дамуы үшін өз ұсыныстарын жеткізіп, аудан үшін жаны ашыған азаматтардың бары мен үшін қуаныш, біз біріксек ғана барлығын жеңе аламыз – деді Асылбек Өмірбекұлы.