» » ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталығында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықытық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен «Халықтық заңгер» тегін құқықтық кеңес беру акциясы өтті.Акцияның мақсаты - тұрғындардың құқықтық мәдениетін жоғарылату, дамыған азаматтық қоғамды құру, мемлекеттік қызметтер құқықтық мемлекеттік принциптерге сәйкес жүргізіліп жатқаны жөнінде халықтың назарына жеткізу болып табылады.
Азаматтардың қабылдауын аудандық прокурор орынбасары Есжанов Шыңғыс, полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Лекеров Талғат, аудандық білім бөлімінің басшысы Құрманбаева Гүлзат, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова, амбулаториялық-емханалық қызметі бар аурухана бас дәрігерінің орынбасары Орынбасарова Индира, облыстық кәсіпкерлер палатасының Жалағаш ауданындағы филиалы директоры Карипов Самат, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ыдырысов Дархан, Жалағаш аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Аханов Оразғали, Әділет департаментінің басшысы Бөлембаев Қанат заңгерлік кеңестер жүргізді.
Акцияға келген азаматтар көптеген сұрақтарын қойып, әсіресе жұмысқа орналасу, МӘМС, балабақшаға кезекке тұру, зейнетақы жарналарына байланысты, алимент өндіру, кәсіпкерлік саласы туралы болды.
«Халықтық заңгер» акциясы аясында жұмыс тобы 20 -ға жуық азаматтарға кеңестер мен тиісті сала мамандары жауаптарын берді.
22 қараша 2019 ж. 1 006 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930