» » » Қазақ отбасы тәрбиесі

Қазақ отбасы тәрбиесі

Бүгін Жалағаш ауданы орталығындағы №201 мектеп-лицейінің базасында Республикалық «Отбасын қолдау апталығы» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Дарын» бастауыш партия ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақ отбасы тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Шара барысында: №201 мектеп-лицейінің директоры Т. Садықов алғы сөз сөйлеп шараның сәтті өтіуіне ыстық лебізін білдірді. Сөз алған төрағаның бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қ. Мұстафаева үстел басына жиналған көпшілікке отбасылық құндылықтың мәнімен мағынасын тереңінен түсіндірді.
Жалағаш аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы О. Аханов әке мен ананың балаға деген махаббаты, сыйластығы баланың кемел болашағының кепілі айтса, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э. Құттымбетова ата-ананың татулығы отанымыздың мызғымас бірлігі деді сонымен қатар Жалағаш аудандық әділет басқармасының басшысы Қ. Бөлембаев шараға қатысты. 
Жиынға аудан орталығындағы бес мектептің ата-аналары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
10 қыркүйек 2018 ж. 1 505 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930