«Конституция – кемел келешек кепілі»
Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі және «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар Қанаты аудандық бөлімшесімен «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Конституция – кемел келешек кепілі» тақырыбында «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс мақсаты жастардың тарихымызды ұмытпай, Ата заңымызды ардақтап, білімін нығайта түсуіне көмегін тигізді. Сайыс ережесі бойынша 3 кезеңнен сүрінбей өтіп ұпай санын еселеп отыру керек, сұрақтар Қазақстан тарихымен қазіргі таңда елімізде болып жатқан спорт, мәдениет саласындағы жаңалықтарды қамтыды. Ақсу, Шәменов ауылынан және кентте жұмыс жасап жатқан сарбаздар арасынан ұсынылған 7 қатысушы өздерінің бақтарын сынады. Нәтижесінде жүлделі III орын Ахат Жасұлан, II орын Өтебай Замира иеленсе, сайыста өзінің тапқырлығымен оза шапқан Ақсу ауылынан келген Зият Гүлпар I орыннан көрінді. Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Амандық Нұржан және «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар Қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы Серәлі Нарбота сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен мараптаттады.