» » » ZhasProject жобасы насихатталды

ZhasProject жобасы насихатталды

Бүгін Мақпалкөл ауылдық округінде "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және Жалағаш ауданы жастарының "Темірқазық" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды, "Жастар корпусын дамыту" #ZhasProject жобасын насихаттау мақсатында Мырзабай ахун, Мәдениет, Жаңаталап, Аққыр, Мақпалкөл ауылдық округтерінің жастарымен кездесу және жұмыссыз жастар арасында спорттық шаралар өтті. Кездесуге жұмысшы, жұмыссыз, кәсіпкер жастар қатысты. Жастардың басым бөлігі ZhasProject жобасына қызығушылық танытып, өз жобаларын ұсынатындарын айтты. Кездесуден соң, ауыл жастарының арасында арқан тарту, гір тасын көтеруден спорттық сайыс өткізілді. Сайыс жеңімпаздары ауыл жастарының ұйымдастыруымен өткізілген концерттік бағдарламада арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
25 сәуір 2018 ж. 1 327 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 143

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930