Қазақстанда халық санағына қатыспағандарға айыппұл салына ма?
Қазақстанда халық санағы аяқталуға жақын. Жеке деректерін беруден бас тартқаны үшін азаматтарға жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халық санағы 1 қыркүйекте басталды. Оған қазақстандықтар онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысты.
1 қарашада бақылау мақсатында аралау басталды, ол 8 қарашаға дейін жалғасады.
Қазақстандағы халық санағы осымен үшінші рет өтіп жатыр.
Baribar.kz

«Заңнамада алғашқы статистикалық деректерді, оның ішінде халық санағы кезінде ұсынбағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстанда бұл норма Қазақстанның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 497-бабында жазылған. Бұл статистика органдары тарапынан қандай да бір қысым көрсетілетінін білдірмейді. Себебі, респонденттерді жауапқа тарту емес, жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы барлық азаматтарды сауалнамамен қамту мақсаты қойылып отыр. Сонымен бірге сұхбат алушылардың алдында респондентке халық санағының маңыздылығы туралы түсіндіру міндеті тұрды», – деп делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстандағы халық санағы осымен үшінші рет өтіп жатыр.
«Бұрынғы халық санақтарының нәтижелері бойынша ешбір респондент қандай да бір жауапкершілікке тартылған жоқ», – деп нақтылады Ұлттық статистика бюросы.
Baribar.kz