» » Аш қарынға су ішудің 7 пайдасы

Аш қарынға су ішудің 7 пайдасы

«Таңертең тамақтан бұрын аш қарынға жылы су ішкен дұрыс» дейді мамандар. Ұйқыда жатқан ағзаны оятып, асқазан жұмысын тамақ қорытуға дайындауға жақсы әсер етеді деседі. Аш қарынға су ішудің бұдан басқа қандай пайдалары бар, соны қарастырып көрейік.

Ағзаны тазалайды.

Адам ағзасы түнде өз-өзін қалпына келтіріп, токсиндерді сыртқа шығарады. Ал таңертең аш қарынға су ішкен кезде, ағзаның өзін-өзі тазалау процесін белсенді жүргізуге көмегі тиіп, зиянды қалдықтар дәретпен, термен бірге сыртқа шығады. Одан бөлек, су бұлшықет пен қан жасушыларының өндірілуіне көмектеседі.

Зат алмасым жақсарады. Су адам ағзасында зат алмасымның тез жүруіне әсер етеді. Неміс ғалымдарының айтуынша, аш қарынға ішкен су зат алмасымын 24 пайызға дейін жылдамдатады екен. Ал зат алмасым өз кезегінде ас қорыту жүйесін жақсартып, арықтауға көмектеседі.

Бір айта кетерлігі, суды жылылай ішкен жөн.

Асқазандағы қыжылды басады.
Асқазанда қышқыл көбейсе, ас қорыту бұзылуы мүмкін. Ал аш қарына жылы су іше отырып, асқазан қышқылын реттеп, қыжылды басуға болады.

Беттің терісін жақсартады.
Ағзада су жетіспесе, бетте әжім, денеде тыртық көбеюі мүмкін. Таңертең аш қарынға ішілген екі ыстақан су терінің жұмсаруына жақсы әсер береді.
Шаш өсіреді.
Шаштың төрттен бір бөлігі судан тұрады. Егер ағзада сұйықтық жетпесе, шаш жұқарып, соңы түсуге әкелуі мүмкін. Неміс дәрігерлердінің айтуынша, аш қарынға ішкен судың пайдасы – күндізгі ішкен судан әлдеқайда пайдалы. Әсіресе, шаштың өсуіне жағымды әсер етпек.
Бүйректегі тасты шаяды.
Су асқазан қышқылын сұйылтып, ағзадан токсиндерді шайып шығады. Содан бүйректе тас пайда болуы мен қуыққа инфекция жиналудың алдын алады.
Иммунды жүйе күшейеді.
Аш қарынға ішілген су ағзаның лимфатикалық жүйесін қалыпқа келтіріп, вирус пен бактерия сынды ауру туғызушы патогендерге қарсы иммунды жүйенің күшеюін қамтамасыз етеді.
Massaget
07 қараша 2021 ж. 156 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930