Депутаттар еліміздің әр өңіріндегі ауыл-ауылды араламақ
Мәжіліс депутаттары президенттің бес әлеуметтік бастамасын халыққа жеткізу үшін алтыншы сәуірге дейін өңірлерге шығады.
Депутаттар Астанаға 6 сәуірде оралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Бүгіннен бастап депутаттық корпус сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шығатын болады. Біздің ең негізгі мақсатымыз — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын және оның ерекше мүмкіндіктерін әрбір азаматқа, әрбір отбасына жеткізу. Сонымен бірге, заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарымызды жан-жақты түсіндіруді мақсат етіп отымыз”, — деді жалпы отырыстан кейін төраға Нұрлан Нығматулин.
“Астанаға оралғаннан кейін келесі пленарлық отырыста осы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларын жұмысқа қабылдаймыз”, — деді ол.

http://stan.kz