Баланың температурасын түсіру үшін оны ояту керек па?
Дәрігерлерден адам ұйықтап жатқанда ағза аурумен жақсырақ күресетінін жиі естуге болады. Алайда ұйықтап жатқан баланың температурасы көтерілсе, не істеу керек? Бұл сұраққа өз парақшасында танымал дәрігер Евгений Комаровский жауап берді.
Әдетте, ата-аналар ұйықтап жатқан баланың температурасы көтерілсе, не істерін білмей, абдырап қалады. Біреулері оны оятып, дәрі беру керек десе, басқалары мазаламай, ұйықтап алғанын дұрыс санайды. Ал дәрігер Комаровский инстаграм желісіндегі оқырмандарына былай деп жауап берді:
— Міндетті түрде баланы ояту керек. Оны оятыңыз, су мен қызу түсіретін дәрі беріңіз. Себебі жоғары температураның ең басты проблемасы — баланың көп мөлшерде сұйықтықты жоғалтуы. Ол сұйықтық ішпесе, ал температурасы жоғары болса, ағза сусызданады. Содан соң бала дірілдеп, оны жылдам ауруханаға жеткізу керек болуы әбден мүмкін.
Егер баланың температурасы 38 градустан аспаса, оны оятпай-ақ қоюға болады. Алайда температурасы көтеріле берсе, оның қызуын түсіріп, су ішкізе беру керек.
Мен ауырып жүрген баламен ұйықтауға дайындалу керегін қайта айтамын. Баланың қандай шартта ұйықтайтыны өте маңызды. Егер бөлме салқындау және ылғал болса және бала су көп ішіп, несептің шығуы қалыпты болса, онда оны оятпай-ақ қоюға болады. Бірақ үйдің іші жылы және құрғақ болса және бала су аз ішсе, қызуы болса көтеріліп жатса, онда 40 градус температурамен оянып, ауруханаға баруға мәжбүр боласыз. Сондықтан, тағы да қайталап айтамын: оятыңыз, су ішкізіңіз және бөлмені ретке келтіріңіз.
massaget.kz