Арал теңізінің табанына 10 мың гектар сексеуіл отырғызылады Арал теңізінің кепкен табанына сексеуіл отырғызу ұзақ жылдан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ендігі кезекте бұл игілікті іске Оңтүстік Корея мемлекеті қол ұшын созып отыр. Олардың қаржы бөлуі нәтижесінде Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау қоры арқылы 2018-2019 жылдар аралығында 10 мың гектар алқапқа сексеуіл отырғызыладыМаңызды істің қолға алынғанына бүгінгі таңда ширек ғасырға жуықтады. Үстіміздегі жылы құрылғанына 25 жыл толған Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың қолдауымен содан бері қаншама игілікті істерге жол ашылды.«Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бұл бағытта нақты іс-шараларды қолға алып отыр. Аталмыш комитет мамандары биыл бұл іске Оңтүстік Корея мемлекетін тартып отыр. Алдағы уақытта ауқымды аумақта сексеуіл жайқалып, Арал теңізі аймағында биоалуандықты сақтауға оң әсерін тигізеді деген ойдамын. Осы мақсатта Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің игілігі үшін мамандарға «Балеарусь» тракторы, заманауи үлгідегі орманшылар вагоны, УАЗ автокөлігін тарту етіп отырмыз», - дейді Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау қорының дирекция басшысы Асылхан Асылбеков.Мамандардың айтуынша, сексеуілдің өсуі жоғары көрсеткішке жеткен. Соңғы 25 жылдың ішінде мұнда 156 мың гектар алқапқа сексеуіл отырғызылған.Арал теңізінің табанына 10 мың гектар сексеуіл отырғызылады 2018 жылғы 27 наурыз 18:06379 Бөлісіңіз: ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арал теңізінің кепкен табанына сексеуіл отырғызу ұзақ жылдан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Қызылорда облысында Арал теңізі күні аталып өтті Сейсенбіде Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды Дүйсенбіде Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы жақсарады Ендігі кезекте бұл игілікті іске Оңтүстік Корея мемлекеті қол ұшын созып отыр. Олардың қаржы бөлуі нәтижесінде Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау қоры арқылы 2018-2019 жылдар аралығында 10 мың гектар алқапқа сексеуіл отырғызылады Маңызды істің қолға алынғанына бүгінгі таңда ширек ғасырға жуықтады. Үстіміздегі жылы құрылғанына 25 жыл толған Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың қолдауымен содан бері қаншама игілікті істерге жол ашылды. «Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бұл бағытта нақты іс-шараларды қолға алып отыр. Аталмыш комитет мамандары биыл бұл іске Оңтүстік Корея мемлекетін тартып отыр. Алдағы уақытта ауқымды аумақта сексеуіл жайқалып, Арал теңізі аймағында биоалуандықты сақтауға оң әсерін тигізеді деген ойдамын. Осы мақсатта Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің игілігі үшін мамандарға «Балеарусь» тракторы, заманауи үлгідегі орманшылар вагоны, УАЗ автокөлігін тарту етіп отырмыз», - дейді Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау қорының дирекция басшысы Асылхан Асылбеков. Мамандардың айтуынша, сексеуілдің өсуі жоғары көрсеткішке жеткен. Соңғы 25 жылдың ішінде мұнда 156 мың гектар алқапқа сексеуіл отырғызылған. «Сексеуіл егу үшін теңіз ұлтанына барып қайтуға мәжбүрміз. Осындай сәтте техниканың қажеттілігі зор. Оңтүстік Корея мемлекетінің бұл қолдауы біздер үшін зор көмек болып отыр», - дейді Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері Мұратбек Смайылов. inform.kz Қоғам 28 наурыз 2018 ж. 1 433 1
Пікір 1