» » » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫНА 25 ЖЫЛ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫНА 25 ЖЫЛ


Бүгін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы және 26 наурыз – «Арал теңізінің күніне» орай «Арал теңізінің экологиялық ахуалы» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Арал теңізіндегі экологиялық дағдарыс көптеген көрсеткіштері жағынан Орталық Азия аймағынан асып, планетарлық сипат алып отыр. Арал теңізі бассейніндегі шекаралық өзендердің су ресурстарын бірлесе басқаруды ұйымдастырудағы шешілмей жатқан мәселелер мен әлеуметтік-экономикалық, экологиялық жағдайлардың ушығуы Орталық Азия елдерін Арал дағдарысына қарсы күресте күш-жігерлерін біріктіріп, аймақтық қарқынды қызметтестікке мүдделі етті.
 1993 жылдың 26 наурызында Халықаралық Аралды Құтқару қорының құрылтайшылары - Орталық Азия елдерінің басшылары Қызылорда қаласында арнайы Саммитте бас қосып, Арал теңізі және Арал маңының экологиялық сауықтырылуы мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелерін шешуде бірлесе қызмет ету туралы мәлімдеме қабылдаған болатын. Саммит аясында құрылған қор осыған дейін халықаралық қауымдастықтың қолдауымен Арал теңізі бассейнін экологиялық сауықтыру мен аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеру мәселелері бойынша бірлескен нақты істер мен бағдарламалық жобаларды қаржыландырды. Сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен, Экологиялық бағдарламасымен, ЮНЕСКО, Бүкіләлемдік Банк, Азия Даму Банкі, ТАСИС ұйымдарымен, Германия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Швеция жәнбасқа да донор елдер үкіметтерімен біріге отырып, ХАҚҚ аймақтың әлеуметтік және экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған түрлі жобалар мен бағдарламалар жүргізіп келеді.
  Бүгінгі «дөңгелек үстелге» Халықаралық Аралды Құтқару Қоры жұмысының ойдағыдай жүзеге асуына атсалысып келе жатқан елімізге белгілі азаматтар – ҚазКСР мелиорация және су шаруашылығы экс-министрі, Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының Ғылыми-ақпараттық орталығы Қазақ филиалының директоры Нариман Қыпшақбаев, Арал ауданы «Шарткен-Ата» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саржанов Құдайберген, Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз, «Қазақстанның биологиялық әралуандылығын сақтау қоры» Корпоративтік қоры жобасының Ұлттық менеджері Асылхан Асылбеков және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысты.
  «Дөңгелек үстелді» облыстық тарихи-өлкетану музейі, Халықаралық Аралды Құтқару Қоры және Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бірлесе ұйымдастырды.
  Шара барысында ғалымдар, жанашыр азаматтар, зерттеушілер Арал проблемасын талқылап, қайта толтырудың, сақтап қалудың әдіс-тәсілдерін ортаға салды.

https://kyzylorda-news.kz




26 наурыз 2018 ж. 1 033 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930