» » Қазақстандық оқушылар халықаралық лагерьде демалады

Қазақстандық оқушылар халықаралық лагерьде демалады


Бүгін Астанада алғаш рет «Астана! Бірге жарқын! Эко-Фест – No Waste» атты эко-фестифаль ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


Аталған шара шаһардағы №37 мектепте ұйымдастырылды. Оған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламасы кеңсе басшысының орынбасары Айгүл Соловьева, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төралқа мүшесі Салтанат Рахымбекова қатысты.
Эко-фестивальдің негізгі мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырып, аймақтардағы экологиялық проблемаларды шешуді ғылыми тұрғыда қарастыру. Сондай-ақ, мектеп оқушыларын интеллектуалды, шығармашылық зерттеу және тәжірибелік іспен айналысуына ынталандыру.

«Осы шараға Астананың 82 мектебінен оқушыларды іріктеп алдық. Жалпы фестивальге 300 оқушы қатысып жатыр. Мұғалімдер үшін де арнайы семинарлар өткізілді», - деді Салтанат Рахымбекова.

Оның айтуынша, Астанадан басталған эко-фестиваль кейін Қазақстанның барлық аймағында жалғасын табады. Жалпы шараға 5 мыңға жуық оқушы мен ұстаздар, ата-аналар қауымы қатысады деп жоспарлануда. Шараның қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық аймағынан 16 оқушының үздік жобасы іріктелініп алынады. Жеңіске жеткен оқушыларға Қырымдағы «Орленок» атты балалар орталығында өтетін халықаралық фестивальге қатысуға жолдама беріледі.

«Біз 16 өңірден іріктелініп алған оқушыларға Кеңес Одағы кезінде «Артек» деп аталған, қазіргі халықаралық «Орленок» лагерінде демалуға жолдама беріледі», - деп түйіндеді сөзін Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төралқа мүшесі.











Дәурен ЕРБОЛАТ
28 қаңтар 2018 ж. 901 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930