» » Мереке күндері қосымша үш пойыз жолға шығады

Мереке күндері қосымша үш пойыз жолға шығады



«Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы желтоқсан мерекелері – Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
  1. №202/201 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылдың 15, 26, 29 желтоқсанында, 2022 жылдың 02 және 07 қаңтарында, кері Шымкент станциясынан 2021 жылдың 16, 27, 30 желтоқсанында, 2022 жылдың 03 және 08 қаңтарында жөнелтіледі. 
  2. №204/203 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-1» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылдың 15, 27, 29 желтоқсанында, 2022 жылдың 03 және 08 қаңтарында, кері Алматы-1 станциясынан 2021 жылдың 16, 28, 30 желтоқсанында, 2022 жылдың 04 және 09 қаңтарында жөнелтіледі.
  3. №206/205 «Ақтөбе – Қызылорда» пойызы Ақтөбе станциясынан 2021 жылдың 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсанында, кері Қызылорда станциясынан 2021 жылдың 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсанында жөнелтіледі.
Бұдан басқа, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы  жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн ресімдеуді сұрайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалану қажет.
10 желтоқсан 2021 ж. 333 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930