» » Кімдердің зейнет жасы төмендетіледі – Мамин депутаттық сауалға жауап берді

Кімдердің зейнет жасы төмендетіледі – Мамин депутаттық сауалға жауап берді


Құтқарушылардың зейнет жасы төмендетілуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің Қазақстан халық партиясының депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр, оның аясында мына мәселелер пысықталуда:  
  • азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемін, сондай-ақ әскери іс-қимылдарға жақын жағдайларда жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеу;

  • құтқарушыларды азаматтық қорғау органдарының арнаулы атақтар берілген қызметкерлері санатына ауыстыру арқылы олардың зейнет жасын төмендету;

  • азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қызмет бабына байланысты басқа елді мекенге қоныс аударған жағдайда көтерме жәрдемақы төлеу, өз мүлкін тасымалдау шығынын өтеу.
«Тұтастай алғанда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту мәселелері бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктері басшылыққа алына отырып, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай ескеріле отырып қаралады және уәкілетті орган мен үкіметтің тұрақты бақылауында болады», – делінген хабарламада.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
13 желтоқсан 2021 ж. 201 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930