ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ
Апта басында төтенше жағдайды жоюға және алдын алуға бағытталған азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігін тексеру мақсатында "Көктем-2020" арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұрбол Бақтияр оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайларға жұмылдырылатын техникалық құрылымның іс-қимылдарын тексерді. Сақтықта қорлық жоқ, төтенше жағдай орын ала қалса, 10 құрылым, 23 техника және 81 адам сақадай сай тұр.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары төтенше жағдай бола қалған күннің өзінде онымен күресуге әзір.
“ЖЖ” ақпарат







