» » ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Республика көлемінде ұйымдастырылатын «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы Жалағаш ауданында биыл да жалғасын тапты. Қыс мезгілінде апатты жағдайлар орын алғанда әрбір мекеменің дайындық барысын пысықтауға арналған шараға аудан әкімінің орынбасары, командалық-штабтық оқу-жаттығудың төрағасы Алтынбек Дәрібаев қатысып, дабыл дауысы естілгенде қашанда дайын болу қажеттігін атап өтті.
– Бұл шара тек біздің облыста не ауданда ғана жүзеге асып жатқан жоқ, жалпы республика көлемінде ұйымдастырылып отыр. Қыс мезгілінде төтенше жағдай орын алғанда біз оған төтеп беруге дайын болуымыз керек. Сондықтан бұл шараның маңызы зор. Екі күнге жалғасқан оқу-жаттығуды бүгін қорытындылап отырмыз. Шара барысында мамандар өздерінің мұндай қауіп-қатерге қашанда дайын екенін көрсете білді. Ауданда, жалпы елімізде төтенше жағдай орын алмасын, тек жаттығуда ширайық. Ал орын алған жағдайда шама-шарқымызша оған қарсы күресуге біз қашанда дайынбыз, – дейді аудан әкімінің орынбасары.
Расында, жаттығу барысында әр мекемеден келген мамандар тәжірибе шыңдады. Шараға 107 адам мен 31 техника жұмылдырылды. Әр саладан келген мамандардың жұмысына командалық-штабтық оқу-жаттығудың төрағасы жоғары баға берді.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

12 қараша 2019 ж. 396 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930