» » АПАТТЫ АУЫЗДЫҚТАУҒА ДАЙЫН

АПАТТЫ АУЫЗДЫҚТАУҒА ДАЙЫН

Аудан орталығында қыс және көктем мезгілінде су тасуының алдын алуға және зардаптарын жоюға бағытталған оқу-жаттығу өтті. Онда төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күш-құралдары мен техникалардың, азаматтық қорғау, авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығы пысықталды.
Оқу-жаттығу дайындығын аудан әкімі­нің орынбасары А.Дәрібаев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының мемлекеттік өрт бақылау тобының бас ма­маны, азаматтық қорғау майоры Е.Серманов, төтенше жағдайларды жою бө­лімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ғ.Ақмырзаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Арапбаев, аудан әкімі ап­па­ратының жұмылдыру дайындығы және ау­мақтық қорғаныс бөлімінің басшысы С.Садықов бақылап көрді.
Жаттығуға өртке қарсы қызметі, меди­циналық, ақпарат, сауда және тамақ­тандыру, инженерлік радиациялық және химиялық қорғау, энергетика жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, байланыс, қо­­ғамдық тәртіпті сақтау, көлік, жолдар мен көпірлер, жанар жағар май қызметтері қажетті техинкалары мен адамдарын шы­ғарып, төтенше жағдай орын алған кезде, апатты ауыздықтауға жұмылдырылатын техникалар мен күш-құрамы анықталды.
– Бүгінгі оқу жаттығу облыс әкімі бекіткен «2019 жылға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық құрамдас бөлігін дайындау жө­ніндегі іс-шаралар» жоспарына және «Қызыл­орда қаласының және аудандар аумағында облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуының іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқаулығын» орындау мақсатында өткізіліп отыр. Соған орай, аудан әкімдігі аппараты, кент және ауылдық округ әкімдері, тө­тенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, азаматтық қорғау қызметтерiнің күш пен құралдары және ұйымдар, мекемелер мен кәсiпорындар бiр бөлiгiнің жұмылдырылуы тексерілді. Сырдария өзенімен мол су, сең жүруіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 2018-2019 жылға өзен бой­ында кезекшілік ұйымдастыру кестесі 29 мекемеден құралған. Су алу қаупі болып саналатын 5 елді мекенді күнделікті бақылауға кезекшілік ұйымдастыру кестесі бар. Жалағаш аумағында қыс-көктем кезең­деріндегі Сырдария өзенімен келетін мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыс­тарын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар, су басу қаупі бар учаскелерден тұрғындарды көшіру мақсатында 5 эвакуациялық жинақтау, 15 эвакуациялық қабылдау бекеттерінің орындары нақтыланды. Оның ішінде, Ақсу ауылдық округіндегі №116 орта мектептің №1 эвакуациялық жинақтау пункті мен Жалағаш кентінде орналасқан №31 орта мектептің №1 эвакуациялық қабылдау пункті бар, – дейді дайындықты бақылап көрген мамандар.
Оқу жаттыру барысында құтқару қызметі тасқынға тосқын болуға дайын екендіктерін көрсетті. Өңірдің материалдық-техникалық қорына 12000 дана қап, АИ-92 маркалы – 12500 литр бензин, 20300 литр дизель майы, 1000 бау қамыс, 200 дана қада, азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмек және басқа да қажетті құрал-жабдықтар бар. Ал, қосымша тағы қажетті материалдық-техникалық көмек керек болса, бұл мәселе де қарастырылған.
Айта кетейік, бұл оқу-жаттығу дайын­дығына төтенше жағдайларды жоюға жұмыл­дырылатын 162 адам, 51 бірлік техника, 18 азаматтық қорғау қызметі, ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындар мен авариялық-құтқару қызметтері және күш-құрылымдары қатысты.
Дария суы арнасынан әрі асса, осы құт­қару қызметі табиғи апатты ауыздықтауға сақадай сай отыр. Оқу-жаттығуға қатысып, дайындықты пысықтаған мамандар төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған жер­гілікті құтқару қызметінің жұмысына оң баға берді.

Н.ҚАЗБЕКОВ.

05 ақпан 2019 ж. 878 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930