АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС ӨТТІ
Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен кеше аудан әкімінің мәжіліс залында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасары, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар комитетінің төрағалары, «Bilim foundation» қорының директоры Сымбат Абдрахманова қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс шараларының ұйымдастырылуы туралы хабарлама жасаса, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жасұлан Түйменов балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігі туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Bilim foundation» қорының директоры Сымбат Абдрахманова жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жұмыстарына тоқталды.
Аудан басшысы күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша бірқатар тапсырмалар берді.