» » Қызылордада жолдағы қауіпсіздікті сақтауға техникалар әзір

Қызылордада жолдағы қауіпсіздікті сақтауға техникалар әзір


Қызылорда облысы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3398 шақырымды құрайды. Оның 1016 шақырымы – республикалық, 557 шақырымы – облыстық, 1825 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады. Әсіресе, қыс мезгілінде табиғат тосын мінез танытқан тұста жолда көліктің жүруі қиындайды. Жауапты мамандар бұл бағыттағы дайындық жұмыстарының барысын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

«Автожолдарды тазалауға арналған 157 бірлік әр түрлі техника қарастырылған. Қыс мезгілінде республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы қатынасты үзбеу үшін арнайы қор әзірленген. Онда қазір 9,9 тонна бензин, 22,5 тонна дизель отыны бар. Сондай-ақ инертті материалдан 5843 тонна құм, 2310 тонна тұз, 195 тонна көмір қоры бар. Облыс бойынша жалпы 506 дана ескерту жол белгілері орнатылған. Мұнан бөлек, облысаралық автожолдарда 13 жылыту пункттері жұмыс жасайды. Тұрақты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қажетті техникалар мен инертті материалдар дайындыққа келтіріліп, облыс әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда», – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тілеуов.
15 желтоқсан 2021 ж. 137 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930