» » Жалағашта көмірдің тоннасы 18 мың теңгеден сатылуда

Жалағашта көмірдің тоннасы 18 мың теңгеден сатылуда



2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына Жалағаш ауданы бойынша барлық әлеуметтік және басқа да нысандардың сұйық отын қажеттілігі 2850 тоннаны, қатты отын қажеттілігі 2900 тоннаны құрайды. Бүгінде нысандар 1710 тонна сұйық отынмен, 2700 тонна қатты отынмен қамтамасыз етілген. Бұл туралыы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев хабарлады.

Жалпы, барлық нысандар 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін отын қорымен толық қамтамасыз етілген. Ал, аудан тұрғындарына 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына 17 000 тонна көмір жеткізу жоспарланып отыр.

Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін жергілікті кәсіпкерлермен 14 500 тонна көмір жеткізілді яғни жоспардың 85,3 пайызы орындалды. Оның ішінде, 5320 тонна көмір темір жолмен жеткізілсе, 9180 тонна автокөліктермен жеткізілді. Сонымен қатар, 5 вагон яғни 350 тонна көмір жолда келе жатыр. Қоймада 60 тонна көмір қоры бар. Көмірдің 1 тоннасы 18000 теңгеден сатылуда.
05 қараша 2021 ж. 377 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031