БӘРІН АЙТ ТА БІРІН АЙТ, ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ЖАЙЫН АЙТ...
Жаздың ыстық күндері өтіп, қоңыр күз де келді. Көп ұзамай жылу беру науқаны секілді жауапты кезеңге аяқ басамыз. Ал, оған дайындық жұмыстары бұған дейінгі мезгілде басталып кеткен болатын. Енді жаз бойғы жұмыстардың қаншалықты дәрежеде жүргізілгенін саралап көрейік.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы жуырда аудандағы әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекемелердің жылу маусымына дайындығын бақылау мақсатында рейдке шықты. Онда жауапты кезеңге әзірлікті көзбен көріп, жылу маусымына қажетті отын көлемі анықталды.
Айталық, білім саласы бойынша 20 мектептің 2-уі қатты отынмен жылытылса, қалғаны сұйық отын жағады екен. Мұның қатарында «Ақтерек» лагері де бар. Жалпы, мектептерге жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі 723 тонна, сұйық отын қажеттілігі 2162 тоннаны құрап отыр. Сонымен қатар, «Ақтерек» лагері – 58 тонна, білім бөлімі ғимараты – 80 тонна сұйық отынды қажет етеді.
Бүгінде қатты отын алуға тиісті қаржы бөлініп, «Углесбыт» ЖШС-мен Шұбаркөл көмірінің 1 тоннасы 16800 теңгеден алуға келісім-шарт жасалған. Ал, қажетті сұйық отынды «Нефть-KZO» ЖШС жеткізіп бермек.
Жауапты кезеңге дайындықты пысықтаған мамандар нысандардағы жылу қазандығының қалыпты жұмыс жасап тұрғанын анықтап, байқалған кемшіліктерді дереу ретке келтіруді ескертті.
Мәселен, Аққұм ауылындағы балабақшада 1 дана жылу радиаторы шіріп, істен шыққан. Сонымен бірге, №19 балабақша ғимаратындағы ішкі жылу жүйесі қайта жасауды қажет етеді. Себебі, жылу жүйесінде су жүрмейді. Қазіргі таңда ішкі жылу жүйесін ауыстыру жұмыстарына конкурс жүріп жатыр екен. Сондай-ақ, «Ақмаржан» балабақшасы жылу беру маусымына 56 540 литр сұйық отынды қажет етеді. Қоймада қалдық отын жоқ. Қазіргі кезде, 2 дана жылыту қазандығын ауыстыру жұмыстары қолға алынды.
Қалған нысандардағы бу қазандықтары қалыпты жұмыс жасап тұр. Тіпті, кейбіреуі күрделі жөндеуден де өтіпті. Демек, бұл жауапты маусымға дайындық жұмыстары өз деңгейінде атқарылғанын аңғартады.
Ал, денсаулық сақтау саласына қарасты 27 нысанның 5-еуі (Орталық аурухана, жұқпалы аурулар ауруханасы, аудандық емхана, Аққұм ауылдық ауруханасы, Дәуімбай дәрігерлік емханасы) сұйық отынмен, қалған 22 нысан қатты отынмен жылытылады. Нысандарға жылу беру маусымына қатты отын қажеттілігі – 730, сұйық отын қажеттілігі 300 тоннаны құрап отыр. Қаралған қаржыға «Олжас» ЖШС-мен көмірді жеткізіп беруге келісім-шарт жасалды. Сондай-ақ, 114 тонна сұйық отынға да тиісті қаржы қаралып отыр.

Н.ҚАЗБЕКОВ.