МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАРАЗЫҒА ТАРТЫЛДЫ
Аудандық мәслихаттың кеңсесінде сессия мен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді. Оған аудандық мәслихат хатшысы М.Еспанов, аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев, мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты. Алдымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Онда жылу беру маусымына дайындық барысы қаралып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы О.Жарханов хабарлама жасады. Ол ауданда барлығы 87 әлеуметтік нысанның барын айтып, оларға 2738 тонна қатты және 3220 тонна сұйық отын қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар, қолдағы бар отын қорын саралап, тиісті мекемелермен келісім-шарт жасалғанын баяндады. Халық қалаулылары жауапты кезеңге тиянақтылықпен дайындалу керектігін назарға салды.
Мұнан соң сессия отырысы өтті. Күн тәртібіндегі бірнеше мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова хабарлама жасады.
Бөлім басшысы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына байланысты және мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындауға қатысты аудандық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы хабарлама жасады. Сонан соң ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекітуді сұрады. Бұдан бөлек, аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы” аудандық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, шешімге өзгеріс енгізу арқылы облыс әкімінің грантына үміткерлердің қатарына өнер және медицина мамандықтары бойынша колледж бітірушілерін енгізу керектігін айтып өтті.
Отырыста Аққұм ауылдық округінің әкімі А.Ибраев елді мекендегі кейбір көшелерге атау беру туралы хабарлама жасады.
Сессияда көтерілген мәселелер депутаттар тарапынан мақұлданып, бекітілді.
Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.