Көмірдің құны қанша?
Жылына 100 млн тоннадан аса көмір өндіретін елімізде бұл отынға қатысты күрделі мәселе жыл сайын көрініс беріп тұрады. Әсіресе, күз мезгілінде.
Былтыр облыс тұрғындары көмір таппай, тапса да дұрыс жанбай айтарлықтай әуре-сарсаңға түскені бар. Тіпті, оның құны әжептәуір көтеріліп, тұрғындардың наразылығын тудырды.
Бұл орайда облыс әкімі жағдайдың жай-жапсарын сынға алып, тиісті атқарушы органдарға қатаң тапсырма берген болатын.
Өткен жылғы олқылықты болдырмауда қазір қандай амал жасалып отыр? Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары 2018-2019 жылдардағы қажетті көмір қоры жоспар бойынша 264,9 мың тоннаны құрайтынын айтады. Оның ішінде, әлеуметтік-мәдени нысандарға 57,8 мың тонна, жергілікті тұрғындарға 207,1 мың тонна көмір қажет. Білуімізше, әлеуметтік нысандар мен тұрғындарға жеткізілетін көмір қорының кестесі әзірленіп, маусым айынан бастап оны жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
– Алдын ала келісімі бар көмір жеткізушілер қателікке бой алдырмайды деп сенеміз, – дейді мамандар.
Сондай-ақ олар көмір тапшылығын болдырмау әрі қолайлы бағада алу үшін тұрғындарға осы кезден бастап қозғалу қажеттігін сұрайды. Өйткені, қазір қатты отынның бағасы 15 процентке төменірек. Алған көміріңізді күн сәулесі мен жаңбырдан қорғап, жабық шатырдың астында сақтау қажеттігін де ескертеді.
Облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының 2018-2019 жылғы жылу беру маусымына дайындығын уақытылы әрі сапалы өткізу мақсатында облыс әкімінің өкімімен облыстық штабтың құрамы жасақталып, іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сай, тіршілікті қамтамасыз етуші нысандар «Қызылордажылуэлектрорталығы», «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы», «Қызылорда су жүйесі», «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олармен қатар, 1166 әлеуметтік нысанға, оның ішінде 495 білім беру, 405 мәдениет, 266 денсаулық сақтау нысандарында күрделі және ағымдағы жөндеулер жасалуда.

Н.Сағатұлы.