» » ҚОЙМАДА КӨМІР бар ма?

ҚОЙМАДА КӨМІР бар ма?


Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының сөзінше, қоймада сұранысқа ең көп ие «Шұбаркөл» көмірі тек бір ғана қоймада бар. Ал, қатты отынның басқа түрлерін «Халық-Серік» ЖК, «Мәди» ЖК қоймаларынан табуға болады.
– Қазіргі таңда, көмірдің сортына қарай бағасы әр түрлі. Мәселен, «Нұрғалиев» жеке кәсіпкерлігінде көмірдің 1 тоннасы 16000 теңгеден сатылса, «Халық-Серік» ЖК-де «Таскөмір» сортының 1 тоннасы 14000 теңге көлемінде. Ал, «Мәди» ЖК-де «Қаражыра» қатты отынының бағасы 17000 теңгеге саудалануда. Жақын күндері ауданға 1 вагон көмір келеді деп күтілуде. Көмірді жеткізіп беруші жеке кәсіпкерлермен күнделікті тығыз байланыста жұмыстар жасалуда, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Б.Сығайбаев.
Жауапты мамандардың сөзінен кейін, аудан тұрғындарының пікірін тыңдап көрдік. Көпшілігінің айтуынша, қатты отынның ішінде «Шұбаркөл» көмірінің тапшылығы байқалады екен. Ал, қазір бір ғана қоймада тұрған бұл сорттың сапасы сын көтермейтін көрінеді. Сондықтан, алдағы уақытта кәсіпкерлер тұтынушылардың сұранысына сай «Шұбаркөл» көмірін ауданға жеткізіп берсе игі.

30 қаңтар 2018 ж. 887 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930