» » Елордадағы мектептерге Дінмұхамед Қонаев бастаған танымал тұлғалардың есімі берілмек

Елордадағы мектептерге Дінмұхамед Қонаев бастаған танымал тұлғалардың есімі берілмек

Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімі беру жоспарлануда. Үкімет қаулысы Ашық НҚА сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды.

Үкімет қаулысына сәйкес: "Нұр-Сұлтан қаласындағы "№ 11 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің;
"№ 49 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының, "№ 69 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың;
"№ 2 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Роза Бағланованың;
"№ 3 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Ермек Серкебаевтың;
"№ 66 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Дінмұхамед Қонаевтың;
"№ 77 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Фариза Оңғарсынованың;
"№ 83 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімін беру жоспарлануда.

Айта кетейік, қоғамдық талқылау 23 желтоқсанға дейін жалғасады.

21 желтоқсан 2021 ж. 580 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30