ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында бекітілген жоспарға сәйкес Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш жиынның күн тәртібіне 3(үш) мәселе қойылды. Олар: Жалағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының есебін тыңдау; Жалағаш аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебін тыңдау; аудан бойынша мектеп оқушыларының жазғы демалысқа дайындық барысы туралы.
Жұмыспен қамту орталығының директоры Қ.Көшербаева Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы тұрғысында баяндама жасады. Баяндамашыға комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде берілетін несиелер, гранттар индикаторларының орындалуы тұрғысыннда жұмыс жасауды тапсырды.
Қайтарымсыз несие алған азаматтарға бірлескен мониторинг жұмыстарын жүргізу ұсынысы берілді. Күн тәртібіндегі келесі мәселе Жалағаш аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебінің баяндамасын тыңдаумен жалғасты. Аталған бөлімге газдандыру мәселесі көтеріліп, алдағы уақытта газдандыру жұмыстарына мониторинг ұйымдастырылатын жеткізді. Аудан бойынша мектеп оқушыларының жазғы демалысқа дайындық барысы баяндалды. Жалағаш аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Жүргенова хабарлама жасап, комиссия мүшелері тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.
Аудан орталығындағы «Ақтерек» жазғы тынығу лагеріндегі санитарлық талаптардың сақталуын қатаң назарда ұстауын ескертті.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер толығымен қаралып, тиіс қаулылар қабылданды. Хабарламашыларға берілген ұсыныстардың уақытында орындалуы тапсырылды.