Мониторинг жұмыстары жүргізілуде
«Qutty meken» партиялық жобасы шеңберінде "2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы" инфрақұрылымдық жобаларының іске асырылуын бақылау үшін, "Nur Otan" партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, әлеуметтік-мәдени нысандар бойынша құрылған мониторингтік топ төрағасы Қ.Мұстафаева және аудандық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Т.Садықовтар Аққыр ауылдық округіндегі № 188 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг жұмыстарының мақсаты атылмыш жоба аясында бөлінген қаражаттың игерілуі, жұмыстың сапалы орындалуы, жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың кесімді жалқыларының алуы. Аталған жөндеу жұмыстарын «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС жүргізуде. Барлығы 70 адамды қамтыған бұл жобада жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы 35 адам жұмыс жасауда. Жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың есік терезелері, шатыры, едендері, кәріз жүйелері, сыртқы қоршаулар ауыстырылады, ішкі қабырғалары түсіріліп, сыланады және ғимараттың аумағы абаттандырылады. Аталмыш жөндеу жұмыстары партия назарында болады.